«Бастау» фестиваліндегі отандық премьералар

10-шы мерейтойлық «Бастау» халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер фестивалінің қонақтарын мазмұнды әрі қызықты бағдарлама күтіп тұр. Фестиваль аясында көрермендер тамашалай алатын картиналардың кейбіреулеріне тоқтала кетсек.

Қазақстандық кино секциясында Асқар Ұзабаевтың «Бақыт» фильмі көрсетіледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне арналған фильм жыл басында 72-ші Берлин кинофестивалінің Панорама бағдарламасында бас жүлде – Көрермендер сыйлығын жеңіп алған.

Қазақстандық кино секциясында сонымен бірге – Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген Әділхан Ержановтың «Адемоканы оқыту» және Қазақстан мен Ресей киногерлерінің бірлескен «Тарлан» фильмдері көрсетіледі.

X Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер фестивалінің толықметражды фильмдер байқауына Эльдар Шибановтың «Тау жуасы» дебюттік фильмі қатысады. Бұл картинаның қазақстандық тұсаукесері.

2021 жылы бұл фильмнің жобасы өткізген Италияның Мәдениет министрлігінің қолдауымен құрылған Венеция биенналесіндегі кинозертхана – Biennale College Cinema конкурсының финалисті болды. Ал 2022 жылдың қыркүйегінде әйгілі Венеция кинофестивальде оның әлемдік премьерасы өтті.

Режиссердің өзі мойындағандай, ол өз картинасында басқа Қазақстанды көрсеткісі келді. Ауылда тұратын хипстер отбасының, тас жолда тау жуасымен сауда жасайтын және ата – аналарын татуластыру үшін Қытайға баратын баланың оқиғасы. Режиссер Венеция қазылар алқасының пікірінше, аймақтың перспективалы авторларының бірі болып саналады.

Сондай-ақ деректі жобалардың конкурстық бағдарламасына қатысатын Виктор Вилковискийдің «Теңіздің оралуы» ғылыми-деректі фильмі көрермендерге Арал теңізі туралы көптеген жаңалықтарды жеткізуге арналған.

Ал «Бастау» фестивалінің жабылу фильмі ретінде Мәди Балжановтың «Сүтті қыз» толықметражды дебюттік фильмі белгіленді. Бұл романтикалық комедия, оны бүгінде сыншылар «Қазақстанның Амелиі» деп те атап кеткен. Соңғы екі фильм де Киноорталықтың қолдауымен түсірілген.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері: “Хабар» агенттігі, «Қазақстан», «Ел Арна», «Алматы», СТВ телеарналары, Эльдорадио радиосы, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новая газета”, “Аргументы и факты Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» басылымдары, «Tengrinews”, «Massaget», “Экспресс K», «365 info», «Orda.kz», «Kazakh24.info», «Tengri Lifestyle» интернет порталдары.