Пайдалы ақпарат

Тау деген ерекше жаратылған бір әлем. Тауда асқақтық, ұшар басына қарағанда еңсеңді тіктейтін, рухыңды көтеретін бір қасиет бар. Онда бәрі өзгеше. Таудың жалғыз аяқ соқпағымен жоғары қарай бойласаң, ғажайып басқа әлемге тап боласың. Төңіректі қар басқан алып шыңдар мен көкке шаншылған қарағайлар қамалдай қоршап тұрады.

Қаланың орналасуы

Іле Алатауының етегінде талай ақынның шабытына арқау болған сұлу да көркем қала -Алматы құлашын кең жайған.  Іле Алатауы Тянь-Шань тау жүйесінің бір бөлігіне кіреді. Бұл бұрынғы Кеңес аумағындағы Памир тауларынан кейін аспанмен таласқан ең биік таулар  деп саналады. Негізі Тянь-Шаньның орталық бөлігі  Қырғыстан аумағында, ал солтүстік әрі батыс жоталары Қазақстан территориясында жатыр.  

Қала тарихы

Шамамен VІІІ-Х ғасырлар аралығында қазыргі Алматы аумағында бірнеше елді мекен болған. Қолда бар деректер бойынша, солардың бірі «Алмату» кейбір деректерде «Алмалық» деп аталған. Бұл жерді үйсіндер мен сақ тайпалары мекендеген. VІІІ ғасырдың басында Ұлы Жібек Жолының бойында жатқан бұл аймаққа монғолдар шапқыншылық жасап, елді мекеннің шағын бір бөлігі ғана аман қалады. Отырықшы және жартылай отырықшы қазақ ауылдарының мекеніне айналады. 1854 жылы Кіші Алматы өзенінің аңғарында әскери бекініс салынып, оған бастапқыда Заилийский, кейіннен Верный деген атау беріледі. Бір жылдан соң бекініске орыс переселендері қоныс аудара бастайды да Верный бекінісі тез дами бастайды. Біраз уақытта тұрғын саны 5 мың адамға жетеді. Біртіндеп Верный шағын қалашыққа айналады.      

Жетісу өңірінің орталығы болған қала Қазақстанның қоғамдық өмірі қыз-қыз қайнаған  бір елді мекеніне  айналды. Қалалық өнеркәсіп, кәсіпшілік дамып, бірнеше зауыт-фабрика бой көтереді. Қалада әйелдер мен ерлерге арналған училище, приход және кәсіпшілік мектептер, кейіннен ерлер мен әйелдер гимназиялары ашылды. Мешіттердің жанында мұсылманша сауат ашатын медреселер жұмыс істеп тұрды. 1921 жылы Верныйға қазақшадан аударғанда «Алманың атасы» дегенді білдіретін Алма-Ата деген атау беріледі. 8 жылдан соң   Қазақ АССР астанасы Қызылордадан  Алматыға көшіріледі.   

Қала ерекше қарқынмен тез дамып, өркендей бастады. Алматы қауіпсіз аймақта орналасқандықтан, 2-ші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы басталғанда КССРО –ның  өзге өңірлеріндегі  өндіріс кәсіпорындары Алматыға эвакуацияланды, темір жол желілері салынды. Бұл өз кезегінде қала экономикасының күрт өсуіне әсер етпей қоймады. 1919 жылдан бастап 50 жылда қала халқы 3 еседен асты. 90-шы жалдары кеңес заманындағы «Алма-Ата» атауы қазақ тілінің заңдылығына сәйкес «Алматы» нұсқасына ауыстырылды.

Алматы –бұл біздің тәуелсіз республикамыздың тұңғыш астанасы. 70 жылдай ол Қазақстанның бас қаласы мәртебесін зор беделмен атқарып келді. Тіпті бүгіннің өзінде ел астанасы Нұр-Сұлтанға ауыстырылғанмен, Алматы әлі күнге елдің тарихи, мәдени, ғылыми, өндіріс және қаржы орталығы болып отыр. Ел мақтанышы Алматыны халық бүгінде республиканың «Оңтүстік астана» деп айтады.  

Климаты

Алматы континенталды климат аймағында орналасқан. Қыста орташа температура −7 °C, жазда  – 20 °C құрайды. Жауын-шашынның басым мөлшері сәуір-мамыр аралығында жауады. Әдетте жаздың соңғы айы өте ыстық болып келеді. Елдің солтүстік облыстарымен салыстырғанда, мұнда қар азырақ жауады. Қаңтар-ақпан айлары қарлы болады, ал көктемнің алғашқы айында қар ери бастайды. Алатаудың  ұшар басын жиі тұман басып тұрады. Жалпы алғанда жылына 60-қа жуық күн тұманды болып келеді деуге болады.

Көлік

Алматыда жолаушылар тасымалы үшін автобустар, троллейбус, метро, маршрут такси көліктерінің тармақталған жүйесі жолға қойылған. Сонымен қатар такси қызметі де бар.

Қалада екі теміржол вокзалы бар: Алматы-1 и Алматы-2. Қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан бірінші вокзал Ресейдің Сібірдегі облыстарынан Орталық Азияға қатынайтын жол бойындағы транзиттік вокзал.  Ал қаланың орталығына жақын  орналасқан Алматы-2 вокзалы Алматыға келуші жолаушыларды тасымалдауға арналған.

«Алматы» әуежайы Қазақстандағы ең ірі әуежай. Ол ішкі рейстер және халықаралық әуе жүк тасымалдары бойынша республикада бірінші орында. Оның іргесі 1935 жылы қаланған. 2008 жылдың қыркүйек айында заманауи аэронавигациялық қондырғылармен жабдықталған екінші ұшу-қону жолағы пайдалануға берілді. Қала орталығы мен әуежай аралығы жолдағы көлік санына байланысты шамамен 15-30 сағатты құрайды.

Қала халқы :   2,5 млн. тұрғын

Телефон коды:   Қазақстан бойынша код – 8 – 727,

        халықаралық – 7 – 107 – 7272

Пошта индексі:   050000

Электроқұрылғылар үшін максималдық қуат – 220 V

Телефон анықтамалығы:

Алматы халықаралық әуежайы: + 7 (727) 155, 2703333, www.alaport.com

Өрт сөндіру стансасы: 101

Полиция: 102

Жедел жәрдем қызметі: 103

Газ қызметі: 104

Құтқару қызметі: 112, 051

Дипломатиялық консулдықтар:

Консулдықтар  тізімдерін төмендегі сілтеме бойынша таба аласыздар