Регламент

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «БАСТАУ» СТУДЕНТТІК ЖӘНЕ ДЕБЮТТІК ФИЛЬМДЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ РЕГЛАМЕНТІ

Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер фестивалі Еуразия, алыс-жақын шетелдік жас киногерлерінің арасында халықаралық ынтымақтастық және мәдени байланыс орнату мақсатында  өткізіледі.

Фестиваль ұраны: «ЖАҢА БУЫН КИНОСЫ».

Фестиваль Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі қаланың бірі, көне Ұлы Жібек жолындағы Батыс пен Шығыстың өзіндік алтын көпіріне айналған – Алматы қаласында өтеді.

«Бастау» ХКФ ең алдымен адамның бойындағы өнерді, сонымен қатар өнердегі адамның қолтаңбасын ашуға септігін тигізеді. Бұл формула мәдениет пен өнердің құндылығы, ерекшелігі мен сан алуандығын киноның тілі арқылы көрсетуге тырысып жүрген киногерлер мен киносаласын зерттеушілердің басын біріктіреді.

Қазіргі заманғы кинематограф күнделікті тіршіліктен қашпайды. Дегенмен көрерменді күйзеліске ұшырататын негативті тақырыптардан аулақ болуға тырысады. Көбінесе жеке тағдырлардың драматургиясы көрініс табатын мәдени кеңістік семантикасы мен эстетикалық көркемділікке баса назар аударады. Мәдени, нәсілдік кемсітушілік, адамның намысына тиетін, халықтар арасында алауыздық туғызатын фильмдер фестивальға жіберілмейді.

Фестивальдың ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.   Бұдан басқа тілдердегі фильмдерге орыс не ағылшын тілдеріндегі субтитрлер салып ұсыну керек. 

 

ФЕСТИВАЛЬДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ

Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер фестивалі Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен «Бастау» ХКФ Бас Дирекциясы, «Кинокомпания Tanaris Production» ЖШС, A Team кинокомпаниясының ұйымдастыруымен өткізіледі.

 

ФЕСТИВАЛЬ БАҒДАРЛАМАСЫ

Конкурстық бағдарлама:

BASTAU SHORTS – Еуропа елдері, алыс-жақын шетел студенттерінің кейінгі 2 жылда түсірген қысқа метражды фильмдерінің  (ұзақтығы 7-30 мин. аралағындағы көркем және деректі фильмдер, 5-30 мин. аралығындағы анимациялық фильмдер) халықаралық конкурсы.     

BASTAU DEBUTS – соңғы екі жылда түсірілген алыс-жақын шетелдердің режиссерлік фильмографиясындағы 1-2 фильм (70 минуттан) – толық метражды дебюттік көркем фильмдерге арналған халықаралық байқау.

BASTAU DOCS – соңғы екі жылда шығарылған жақын және алыс шет елдердің режиссерлік фильмографиясындағы 1-2 фильм (50 минуттан бастап) – дебюттік толықметражды деректі фильмдерге арналған халықаралық байқау.

 

Конкурстан тыс бағдарлама:

BASTAU KZ – Жаңа қазақстандық киноның бағдарламасы;

BASTAU MASTERS – Кино майталмандарының ретроспективалары;

BASTAU GLOBE – Халықаралық фестивальдерге қатысқан және жүлделерге ие болған фильмдердің әлемдік көрсетілімі. 

BASTAU CENTRAL ASIA – Орталық Азия жаңа фильмдерінің бағдарламасы.

BASTAU KIDS – балаларға арналған кино бағдарламасы.

BASTAU INDUSTRY – іскерлік алаң:

 

Дөңгелек үстелдер, шеберлік дәрістер, баспасөз мәслихаттары, жобалар питчингі.

Фильмдердің көрсетілімі мен іс-шаралар бағдарламасын «Бастау» ХКФ Бас дирекциясы белгілейді.


КӨРСЕТІЛІМДЕР ФОРМАТЫ

Ресми бағдарлама фильмдері түсірілген түпнұсқа форматта қабылданады, сонымен қатар ағылшын субтитрлерімен  түпнұсқа тілде интернет-тасымалдаушыларда қабылданады. 

Фестивальдың қандай да бір бағдарламасына сәйкес келген фильмді қатысатыны туралы ресми түрде бекітілген соң қайтарылып алуға болмайды.

Әр фильм фестиваль аясында екіден артық көрсетіле алмайды.  

Барлық шарттар мен мерзімде міндетті түрде орындалуы тиіс. Әйтпесе «Бастау» МКФ Бас дирекциясы фильмді кинофестиваль бағдарламасынан шығарып тастауға құқығы бар.

 

ӨТІНІМ БЕРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Бастау» ХКФ бағдарламасына фильмін қатыстырғысы келгендер Filmfreeway платформасы арқылы өтінім тастауы керек.

Фильм  конкурстық бағдарламаға қабылданды деп ресми расталған кезде фильм авторлары «Бастау» ХКФ Бас дирекциясына келесі материалдардыы жіберулері керек:

  • Субтитр парағы (диалогтар парағы) ағылшын тілінде;
  • Синопсистер, жарнамалық құжаттар, баспасөз құжаттары;
  • Каталогқа арналған құжаттар (фильм авторлары туралы мәліметтер, режиссердің фотосуреттері, фильмнің постері,фильмнің трейлері және 3-4 дана кадр.).

 

КОНКУРС БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР

«Бастау» ХКФ Бас дирекциясымен алдын ала ақылдаса отырып кинофестивальдың ресми бағдарламасына қатысатын фильмнің бір өкілінің (режиссер, актер/актриса, продюсер немесе түсірілім тобының басқа бір мүшесі) қатысуын қамтамасыз ете алады.


ФЕСТИВАЛЬ ҚОНАҚТАРЫ

Кинофестивальға қонақтар шақыру, олардың  келуі, оларды аккридеттеу шарттрары мен мерзімдерін «Бастау» ХКФ Бас дирекциясы шешеді.

Кинофестивальға қонақтардың келу шарттары олардың шақыру кезінде алдын ала келісіледі.

 

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ
Конкурстық фильмдерді бағалау үшін Халықаралық қазылар алқасы құрылады.

«Бастау» ХКФ Бас дирекциясы Халықаралық және Студенттік қазылар алқасы мүшелерінің Алматыға келіп-кетуі және олардың тұруына қатысты шығындарды мойнына алады.

Қазылар алқасының құрамына конкурстық картиналарды түсірген немесе коммерциялық прокатқа қатысқан адамдар кіре алмайды.

 

ЖҮЛДЕЛЕР

Дебюттік толықметражды көркем фильмдер байқауының халықаралық қазылар алқасы кинофестивальдің жүлде-сыйлықтарын табыстайды:

Үздік фильм үшін Гран-при (фильмнің режиссеріне табысталады)

Үздік режиссер

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі

Үздік актер

Үздік актриса

 

Дебюттік және студенттік қысқаметражды фильмдер байқауының халықаралық қазылар алқасы кинофестивальдің жүлде-сыйлықтарын табыстайды:

Үздік қысқаметражды деректі фильм

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм

Үздік қысқаметражды көркем фильм

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі

 

Толықметражды деректі дебютті фильмдер конкурсының халықаралық қазылар алқасы кинофестивальдің жүлде-сыйлықтарын табыстайды:

Үздік деректі фильм 

Ерекше аталым

 

Дебюттік және студенттік қысқаметражды фильмдер байқауының халықаралық студенттік қазылар алқасы кинофестивальдің жүлде-сыйлықтарын табыстайды:

Үздік қысқаметражды студенттік фильм

 

НЕТПАК Қазылар алқасы НЕТПАК дипломын табыстайды:

Үздік азиялық қысқаметражды фильм

 «Бастау» ХКФ Бас дирекциясы қосымша жүлделерге қоса демеушілер жүлдесін бекіту және тағайындауға құқы бар.  

 

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Кинофестивальға қатысу үшін осы Регламенттегі барлық баптарды орындау қажет.

МЕКЕНЖАЙЫ МЕН БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

 «Бастау» ХКФ Дирекциясы

EMAIL: info@bastauiff.com

www.bastauiff.com