Біз туралы

«Бастау» Халықаралық студенттер мен дебюттік фильмдер фестивалі дүниежүзі жас кинематографистерінің арасында ынтымақтастық және мәдени байланыс орнату мақсатымен өткізіледі. 

Фестиваль ұраны: «ЖАҢА БУЫН КИНОСЫ».

Фестиваль Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі қаланың бірі, көне Ұлы Жібек жолындағы Батыс пен Шығыстың өзіндік алтын көпіріне айналған –Алматы қаласында өтеді.

«Бастау» ХКФ ең алдымен адамның бойындағы өнерді, сонымен қатар өнердегі адамның қолтаңбасын ашуға септігін тигізеді. Бұл формула мәдениет пен өнердің құндылығы, ерекшелігі мен сан алуандығын киноның тілі арқылы көрсетуге тырысып жүрген киногерлер мен киносаласын зерттеушілердің басын біріктіреді.

Фестивальдың ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

«Бастау» ХКФ аясында ұйымдастырылған халықаралық бағдарлама  фестивальды Орталық Азия мен Еуразия құрлығындағы, сондай ақ бүкіл кинематография әдеміндегі барша әріптестерінің басын қостын нағыз орталыққа айналмақ. 

Болашақта кинофестиваль шетелдік киногерлер, өнер мен мәдениет менеджерлері, кино саласынына қатысы бар кәсіби мамандар, прокат пен дистрибюция мамандары арасында айтулы беделге ие болып, танымал болады деп сенеміз.

Алдағы уақытта көркемдік-интеллектуалды мазмұнды фестиваль фильмдерді көрерменге жеткізудің тиімді формасына айналады деп білеміз. Сонымен қатар мәдениеттегі дәурені озып бара жатқан құндылықтарын аңсаумен ғана шектелмей, бүгінгі таңдағы өзін-өзі тану мен шығармашылық ізденіске қатысатын белсенді сынақ алаңына айналады.