Жастар фестивалі, қазақ киносының деңгейі – Сергей Әзімовпен сұхбат

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 29 қарашада Алматыда «Бастау» халықаралық студенттік және дебюттік фильмдердің 10-мерейтойлық фестивалі басталады. «Бастау» неден басталды, бүгінгі кинематографистерді не толғандырады, жақсы режиссер қандай болуы керек? Осы және өзге де тақырыптар төңірегінде ҚазАқпарат тілшісі фестивальдің негізін қалаушы және тұрақты президенті Сергей Әзімовпен сұхбаттасқан еді.