«Бастауда» алғаш рет NETPAC қазылар алқасы жұмыс істейді

NETPAC қазылар алқасы 10-шы мерейтойлық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдердің халықаралық фестивалінде алғаш рет жұмыс істейтін болды.

Азия кинематографиясын алға жылжыту қауымдастығы (NETPAC) 1990 жылы ЮНЕСКО-ның қолдауымен құрылған, құрамына 30 мемлекет кіретін халықаралық ұйым. Ол кинотанушыларды, кинорежиссерлерді, кинофестивальдерді ұйымдастырушылар мен кураторларды, кинопрокатшылар мен оқытушыларды біріктіреді. NETPAC – Азия киносының жетекші органы.
Ұйым халықаралық кинофестивальдерде азиялық кинематографияны бағдарламалауға қатысады, бүкіл әлемге Азияның кинематографистерін ұсынады, семинарлар мен конференциялар өткізеді.

Сонымен қатар, NETPAC-тың арнайы сыйлығы – «Үздік азиялық фильм» тағайындалған, ол әлемнің көптеген кинофестивальдерінде беріледі. Биылдан бастап мұндай марапат «Бастауда» да беріле бастайды.
NETPAC қазылар алқасын осы ұйымның басқарма мүшесі, кинотанушы Гүлнар Әбікеева басқарады. Оған қоса қазылар алқасының құрамына қазақстандық продюсер Ольга Хлащева мен NETPAC мүшесі болып табылатын қырғызстандық киносыншы Гүлбара Толомушова кірді.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері: “Хабар» агенттігі, «Қазақстан», «Ел Арна», «Алматы», СТВ телеарналары, Эльдорадио радиосы, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новая газета”, “Аргументы и факты Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» басылымдары, «Tengrinews”, «Massaget», “Экспресс K», «365 info», «Orda.kz», «Kazakh24.info», «Tengri Lifestyle» интернет порталдары.