Қалықбек Салықов пен Ораз Әбішевтің құрметіне

XI «Бастау» халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінде Қалықбек Салықов пен Ораз Әбішевтің құрметіне арнайы атаулы сыйлықтар табысталады.

Қалықбек Салықов атындағы сыйлық үздік көркем толықметражды дебюттің авторына беріледі. Кино әлеміне Салықов 80-ші жылдардың басында келді, ал оның «Балкон» дебюттік жұмысы уақыт өте келе культқа айналып, режиссерге бүкілодақтық даңқ пен «Дебют» фестивалінің сыйлығын әкелді.

«Бастау» президенті Сергей Әзімовтің айтуынша, дәл осы «Балкон» фильмі «Қазақ жаңа толқынының» хабаршыларының бірі болды, ал Қалықбектің өзі кеңес дәуіріндегі «Бастау» фестивалін құруға белсенді ат салысқан.

Ал қазақстандық деректі кино корифейлерінің бірі, Қазақ КСР Халық әртісі, режиссер Ораз Әбішев атындағы сыйлық дәстүрлі түрде Ораз Әбішев атындағы қоғамдық қордың атынан фестивальдің үздік деректі жұмысына табысталады.