«Бастау» дебюттері

Биылғы жылы Bastau DEBUTS халықаралық дебюттік толықметражды көркем фильмдерінің байқауына бүкіл әлем бойынша «А» класындағы ірі кинофестивальдерде өзін көрсеткен картиналар кірді.

Бұл, ең алдымен, биылғы Берлин кинофестивалінің негізгі байқауының қатысушысы Эстибалис Урресола Солагурен режиссерлік еткен «20 тысяч пород пчёл» атты испан картинасы. Фильм жынысын өзгертіп, қыз болуды шешкен Айтор есімді баланың оқиғасын баяндайды. Басты рөлді сомдаған 8 жасар София Отеро Берлин кинофестивалінің Күміс аюының («Үздік актерлік ойын») тарихтағы ең жас иегері атанды.

Сондай-ақ, Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» байқауының қатысушысы –Моңғолия, Франция, Швейцария және Катардың копродукциясында түсірілген Золяргал Пуревдаштың «Если бы только я мог впасть в спячку» картинасы.

Канн-2023 тағы бір қатысушысы, Gan Foundation дистрибуциясынан қолдау алған, режиссер Амджад Аль Рашидтің «Иншаллах бала» драмасы (Иордания, Катар, Сауд Арабиясы, Франция). Бұл күйеуі қайтыс болғаннан кейін Иорданияның мұра туралы Заңының әрекетіне тап болған қарапайым ана Навалдың оқиғасы, Заңға сәйкес оның барлық мүлкі отбасында ер адамдар қалмағандықтан күйеуінің туыстарына өтеді. Содан кейін Наваль барлығына жүкті екенін және ұл күтіп отырғанын айтады…

Ресейден Александр Сокуровтың кабардин-балқар шеберханасының түлегі Малика Мұсаеваның дебюті қатысады. «Клетка ищет птицу» картинасы шешендер ауылында тұратын және досы Мадинамен бірге далада қыдырғанды ұнататын 17 жастағы Яханың оқиғасын баяндайды. Ол өмірге ашық және не қалайтынын біледі, бірақ оның өз таңдауын жасау қабілеті шектеулі. Туындының әлемдік премьерасы 73-ші Берлин кинофестивалінің Encounters бағдарламасында өтті.

Қырғызстаннан байқауға режиссер Әсел Жураеваның «Аспан баласы» фильмі қатысады. Бұл ауылда тұратын баласыз қарт ерлі-зайыптылар туралы лирикалық комедия, олардың есігінде белгісіз адамдар нәрестені тастап кетеді. Қария мен кемпір сәбиді билік органдарына тапсырмақшы болады. Бірақ кішкентай балалардың «органдарға сатылатындығы» туралы естігеннен кейін, олар баланы өздеріне қалдыруды шешеді. Нәрестеге күтім жасау егде жастағы адамдардың өмірін мүлдем жаңа бағытқа бұрады.

Және ең бастысы, Қазақстан атынан байқауда бірден екі туынды – Максим Акбаровтың «Степь» және Дәулетжан Махмұттың «Глобусы» қатысады. Макс Акбаровтың режиссерлік дебюті браконьерлерді қуып батылдықпен қаза тапқан инспекторлар Ерлан Нұрғалиев пен Қаныш Нұртазиновты еске алуға арналған, ал Дәулетжан Махмұттың фильмі әкелер мен балалардың әсерлі оқиғасын баяндайды.

Барлық көрсетілімдер «Арман» киноорталығында өтеді. Кіру тегін.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері: «Qazaqstan», «Хабар», «24 KZ», «Ел арна», «Jibek Joly», «Silk Way», «Silk Way Cinema», «Almaty tv», «Alatau tv» телеарналары, «Эльдорадио» және «Народное радио» радиостанциялары, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан» басылымдары, «Время», «Baq.kz», «Kazinform», «365 info», «Orda.kz», «Global.news.kz», «Qaz365.kz» порталдары, «Qazcontent» медиакомпаниясы, JAS ÓNER журанлы және PRO Production сайты.