«Дракула», «Контакт», «Лара Крофт» және тағы басқа фильмдердің сценаристі Джеймс В. Харттың онлайн шеберлік сабағы

14 желтоқсанда 10:00 XI «Бастау» Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі аясында Т. Жүргенов атындағы ҚазақҰӨА-да әйгілі американдық сценарист, продюсер және жазушы Джеймс В. Харттың сценарий шеберлігі бойынша онлайн шеберлік сабағы өтеді.

Шеберлік сабағына тіркелу

Өзінің ұзақ мансабында 76 жасқа келген Джеймс Стивен Спилбергтің «Капитан Крюк» (1991), Фрэнсиса Форда Копполаның «Дракула» (1992), Роберт Земекистің «Контакт» (1997), Ян де Бонттың «Лара Крофт: Расхитительница гробниц 2 — Колыбель жизни» (2003), Брек Эйснердің «Сахара» (2005), Керстен Шериданның «Август Раш» (2007) және тағы басқа белгілі фильмдердің сценарийлерін жазған.

XI «Бастау» Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі 12-16 желтоқсан аралығында Алматыда өтеді. Фестиваль дәстүрлі түрде Tanaris Production және A-Team кинокомпанияларымен Алматы қаласы әкімдігінің және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Фестивальдің серіктестері – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Тұран» университетінің Turan Film Academy жоғары мектебі, AlmaU медиа және кино мектебі және Қазақ ұлттық өнер университеті.

Барлық көрсетілімдер «Арман» киноорталығында өтеді. Кіру тегін.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері: «Qazaqstan», «Хабар», «24 KZ», «Ел арна», «Jibek Joly», «Silk Way», «Silk Way Cinema», «Almaty tv», «Alatau tv» телеарналары, «Эльдорадио» және «Народное радио» радиостанциялары, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан» басылымдары, «Время», «Baq.kz», «Kazinform», «365 info», «Orda.kz», «Global.news.kz», «Qaz365.kz» порталдары, «Qazcontent» медиакомпаниясы, JAS ÓNER журанлы және PRO Production сайты.