«Король говорит!» фильмінің продюсері Пол Бреттің шеберлік сабағы

XI «Бастау» халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің қонақтарының бірі – әйгілі британдық продюсер Пол Бретт. Ол 30-дан астам түрлі жанрдағы толықметражды фильмдердің өндірісіне қатысқан. Олардың ішіндегі ең танымалы – режиссер Том Хупердің «Оскар» сыйлығын жеңіп алған «Король говорит!» картинасы, онда Пол атқарушы продюсер болып жұмыс істеген.

Пол фестиваль аясында «Фильміңізді әлемге қалай танытуға болады» тақырыбында шеберлік сабағын өткізеді. Іс-шара 15 желтоқсанда сағат 15:00-де Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да өтеді.

XI «Бастау» Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі 12-16 желтоқсан аралығында Алматыда өтеді. Фестиваль дәстүрлі түрде Tanaris Production және A-Team кинокомпанияларымен Алматы қаласы әкімдігінің және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Фестивальдің серіктестері – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Тұран» университетінің Turan Film Academy жоғары мектебі, AlmaU медиа және кино мектебі және Қазақ ұлттық өнер университеті.

Барлық көрсетілімдер «Арман» киноорталығында өтеді. Кіру тегін.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері: «Qazaqstan», «Хабар», «24 KZ», «Ел арна», «Jibek Joly», «Silk Way», «Silk Way Cinema», «Almaty tv», «Alatau tv» телеарналары, «Эльдорадио» және «Народное радио» радиостанциялары, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан» басылымдары, «Время», «Baq.kz», «Kazinform», «365 info», «Orda.kz», «Global.news.kz», «Qaz365.kz» порталдары, «Qazcontent» медиакомпаниясы, JAS ÓNER журанлы және PRO Production сайты.