«Бастау 2023»: Франциямен ынтымақтастық

Биыл фестивальді алғаш рет Францияның Қазақстандағы елшілігі қолдап отыр. Осы ынтымақтастық аясында бірқатар шеберлік сабақтары мен киномектептердің презентацияларын өткізу жоспарланған.

Алғашқы болып 13 желтоқсан күні сағат 11:00-де Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да la CinéFabrique киномектебінің тұсаукесері өтеді, онда киномектептің жұмыстары көрсетіледі.

CinéFabrique – 18 бен 25 жас аралығындағы жас студенттерге кинематографиялық және аудиовизуалды мамандықтар бойынша білім беруге арналған француз мемлекеттік жоғары оқу орны. Кинематография мамандықтары оқытылатын Франциядағы төрт мемлекеттік мектептің бірі. Практикаға негізделген педагогиканы ұсынады (жыл сайын 100 фильм түсіріледі).

Сол жерде 14 желтоқсанда RUBIKA анимациялық мектебінің өкілі Рено Пешердің студенттермен және жас кинорежиссерлармен кездесуі өтеді. Сондай-ақ, RUBIKA анимациялық мектебі мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен «Казанимация» арасында меморандумға қол қою жоспарланған.

Ал, 15 желтоқсанда, «Арман» кинотеатрында деректі фильмдердің авторлары мен продюсерлеріне арналған оқу курстарын, сондай – ақ Eurasiadoc, Africadoc, Asiadoc, Doc Amazonia Caribbean бағдарламалары арқылы бірлескен өндіріс үшін халықаралық кездесулерді әзірлейтін – DOCMONDE оқу ұйымы қауымдастығының тұсаукесері өтеді. Қауымдастықтың мақсаты – шығармашылық деректі фильмдердің жаңа буынын шығару және деректі фильм өндірісі әлсіз немесе жоқ дамушы елдерде тәуелсіз продюсерлер желісін құру. Кеш «Artavazd pelechian» фильмінің көрсетілімімен аяқталады.

XI «Бастау» Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі 12-16 желтоқсан аралығында Алматыда өтеді. Фестиваль дәстүрлі түрде Tanaris Production және A-Team кинокомпанияларымен Алматы қаласы әкімдігінің және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Фестивальдің серіктестері – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Тұран» университетінің Turan Film Academy жоғары мектебі, AlmaU медиа және кино мектебі және Қазақ ұлттық өнер университеті.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері: «Qazaqstan», «Хабар», «24 KZ», «Ел арна», «Jibek Joly», «Silk Way», «Silk Way Cinema», «Almaty tv», «Alatau tv» телеарналары, «Эльдорадио» және «Народное радио» радиостанциялары, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан» басылымдары, «Время», «Baq.kz», «Kazinform», «365 info», «Orda.kz», «Global.news.kz», «Qaz365.kz» порталдары, «Qazcontent» медиакомпаниясы, JAS ÓNER журанлы және PRO Production сайты.