Олжас Баялбаев
Ораз Керейбаев
Борис Литовченко
Әмина Ермекова
Әмина Ермекова (12 қаңтар 2006 жылы Семей қаласында дүниеге келген) — Алматы қаласындағы SDU университетінің журналистика факультетінің 2-курс студенті. 7 жасынан бастап өнер саласында өзін көрсете бастады, гимнастика, вокал, заманауи би, ұлттық би, көркем сөз және жүргізушілік өнермен айналысты.
2022 жылдан бастап Амина киноиндустрияда дебют жасап, «ТҰЛ» атты фильмде басты рөлді сомдады. Фильмнің премьерасы 2024 жылы Бішкектегі халықаралық кинофестивальде өтті, сондай-ақ ол Алматыдағы Qyzqaras Film Festival мен «Евразия» халықаралық кинофестивалінде көрсетілді.
Қазіргі уақытта Амина Ғасыр театрында жұмыс істейді. Театр поэзия мен мәдениетке арналған, бұл Аминаға актерлік шеберлігін жетілдіруге және сахнада маңызды әрі терең әңгімелер айтуға мүмкіндік береді.
Тілеуберді Тұрарбекұлы
2022 жылы КазАТК теміржол колледжін бітірген соң Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсті.
Қазіргі уақытта «Кино және ТВ» факультетінің «Экрандық өнер режиссурасы” кафедрасының «Көркем фильм режиссурасы» БББ-сының 3 курс студенті.Тілеуберді 2024 жылғы 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Мәскеу қаласында өткен С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінің ТМД елдері студенттік фильмдерінің халықаралық «Восхождение» фестивалінің Гран-при иегері.Сондай-ақ, «Кинобілім беру: ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бірлескен білім беру жобалары» ауқымды жобасы аясында өзекті мәселелерге арналған «Жастар кинематографиясын өндіру мен шығару ерекшеліктері» атты халықаралық жастар ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Режиссердің актерлермен және актер емес адамдармен жұмысы, жеке тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.
Чуженова Камила
24 жаста. «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша бакалаврды бітірген. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық өнер университетінде «Кино және теледидар режиссурасы, продюсерлік» мамандығының 3-ші курс студенті. Таукел С.Т. шеберханасында білім алуда.
Ойын және деректі қысқаметражды фильмдермен жұмыс істей отырып, режиссер, сценарист, продюсер рөлдерін атқарады. Фильмографиясында көрермендердің оң пікіріне ие болған және әлемдік кинофестивальдерде көрсетіліп жүрген төрт қысқаметражды фильм бар.
Фаиз Файзулин
2003 жылы Алматыда дүниеге келген. Балалық шағында фантастикаға қызығып, «Сақиналар әміршісі» мен «Гарри Поттер» сияқты туындылардан шабыт алып, соларға арнап сурет салған.
73-мектеп-гимназиясында оқыды. 5-сыныптан бастап спортқа қатты қызығып, жарыстарға қатысқан. Жоғары сыныпта жүрек дерті анықталып, екі операциядан өтті. Сол уақытта шығармашылық ізденіспен айналыса бастады.
Кейін бағдарламалаумен және ойын дизайнымен шұғылданып, шығармашылық жолда өзін табу мақсатында Алмаю университетіне режиссура мамандығына түсті. Университетте сценарий жазумен айналысып, кәсіби бағытта қалыптаса бастады.
Инду Шрикент
Инду Шрикент Үндістанның Нью-Дели қаласында дүниеге келген. 1993 жылы ол әлемдегі Азия киносына арналған жалғыз журнал — Cinemaya, The Asian Film Quarterly-де жұмыс істей бастады.
NETPAC India ұйымының негізін қалаушылардың бірі ретінде ол фильмдерді бағалау курстарын, сценарий шеберханаларын, Оңтүстік Корея, Иран және Түркия сияқты Азия елдерінің фильм апталарын ұйымдастыруға көмектесті. Сондай-ақ, ол Омер Кавур (Түркия), Прасанна Витханаге (Шри-Ланка) сынды режиссерлердің ретроспективаларын ұйымдастыруда атсалысты.
Аруна Васудевпен бірге 1999 жылы негізі қаланған Cinefan азиялық және араб кинофестивалінің тең директоры болды және фестивальдің дамуына зор үлес қосты. Ол Нью-Делиде өткен Osian’s-Cinefan кинофестивалінің 10-шы және 12-ші шығарылымдарының фестиваль директоры қызметін атқарды.
Кази Абдур Рахим
1962 жылы дүниеге келген. UAM университетін бітірген. M-80 радиосы және атақты «Гомаэспума» комедиялық топтарымен байланыста болды.
Кази — испандық кино жүлдесіне «El Próximo Oriente» фильмі үшін ең үздік түпнұсқа музыка номинациясына ұсынылған алғашқы үндістандық. Ол қазіргі уақытта Мадридте 21-ші рет өткізіліп жатқан беделді Imagineindia халықаралық кинофестивалінің негізін қалаушы және директоры.
Ол Варшава, Весуль, Барселона сияқты көптеген фестивальдердің қазылар алқасының мүшесі болды, сондай-ақ Macta Women’s Film Festival, Rain International Nature Film Festival, Turkish Film Festival Madrid және Hong Kong Film Festival Madrid фестивальдерінің кураторы болды.