BASTAU SHORTS: қатысушылар және қазылар алқасы

Bastau Shorts секциясында жеңіске жету үшін 21 елден 34 қысқаметражды фильм бәсекеге түседі. Мерейтойлық фестивальдің географиясы өте алуан – қысқа метражды байқауға Германия, АҚШ, Франция, Иран, Израиль, Палестина және әлемнің көптеген басқа елдерінің өкілдері қатысады. Үміткер картиналардың толық тізімімен фестиваль сайтында танысуға болады bastauifff.com.

Бұл байқаудың жеңімпаздарын 2022 жылғы Пусан кинофестивалінің жүлдегерлерінің бірі Елкин Туйчиевтің жетекшілігімен беделді қазылар алқасының командасы анықтайды. Сонымен қатар, қазылар алқасының құрамында қырғыз продюсері және режиссері Ерке Жұмақматова, Германиядан келген Filmschoolfest Munich бағдарламасының менеджері Сандра Энглер, қазақстандық актер Данияр Алшинов және неміс режиссері, продюсер, көптеген фестивальдердің қатысушысы Сергей Станойковский бар.