BASTAU DEBUTS: қатысушылар және қазылар алқасы

10-мерейтойлық «Бастау» толықметражды фильмдер байқауында қатысушылардың саны да он. Сонымен қатар, картиналардың басым көпшілігі екі немесе одан да көп елдің бірлескен өндірісінің нәтижесі. Мәселен, Мысалы, «Бөгет» фильмі Франция, Ливан, Судан, Катар, Германия және Сербия кинематографистерінің ынтымақтастығының жемісі болып табылады. Ал «Қауырсындар» туындысында египет, грек, голланд және француз командалары жұмыс істеген.

Байқауға қатысушылардың толық тізімі келесідей:

«Қауырсындар», реж. Омар Эль-Зохейри, Франция / Египет / Нидерланды / Грекия;

«1976», реж. Мануэла Мартелли, Чили / Аргентина;

«75 Жоспар», реж. Чи Хаякава, Жапония / Филиппин;

«Утама», реж. Алехандро Лоеза Гризи, Боливия;

«Ту», реж. Фирас Хури, Тунис / Палестина / Франция / Сауд Арабиясы / Катар;

«Кішкентай дене», реж. Лаура Самани, Италия / Франция / Словения;

«Тау жуасы», реж. Эльдар Шибанов, Қазақстан;

«Өмірбаян» реж. Макбул Мүбарак, Индонезия;

«Қызыл алмалардың дәмі», реж. Ихаб Тарабие, Израиль/Германия;

«Бөгет», реж. Али Черри, Ливан / Судан / Франция / Катар / Германия / Сербия.

Толық метражды байқаудың қазылар алқасын грузин режиссері, сценарист және продюсер Георги Овашвили басқарады. Оған қазақстандық продюсер Әлия Увалжанова, Армениядан келген киносыншы Диана Мартиросян, Filmes do Tejo компаниясының негізін қалаушы, Франциядан келген продюсер Франсуа Д ‘ Артемар және ирандық режиссер Мехди Фард Гадери көмектеседі.