Студенттік қазылар алқасының құрамы белгілі болды
X халықаралық «Бастау» кинофестивалінің студенттік қазылар алқасының құрамы белгілі болды. Қазылар алқасында екі қазақстандық және бір Қырғызстан өкілі бар.
Әйгерім Жүнісова – «Манас» Қырғыз-Түрік университетінің «Радио, теле және кино өнері» бөлімінің 4 курс студенті. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап «Баштан Башта» азаматтық қозғалысының контент-мейкері және дата-журналисті болып жұмыс істейді.
Тасболат Қанағат колледжді «Драма театрының актері» мамандығы бойынша бітіріп, қазір Т. Жүргенов атныдағы ҚазҰӨА-ның 5 курсында «көркем кино режиссурасы» мамандығы бойынша оқиды. Қазірдің өзінде сценарист, телевизиялық жобалардың, телехикаялардың, толықметражды фильмдердің редакторы ретінде өзінің портфолиосы бар.
Аян Садыманов екі жыл бұрын «Тұран» университетінің режиссер дипломын алды. Бірнеше рет түрлі питчингтерге қатысып, сценарий курстарын бітірген, онға жуық қысқа метрге сценарий жазған. «Ел Арна» телеарнасында «Кинокафе» бағдарламасының әкімшісі болып жұмыс істеген.
Фестивальдің ақпараттық серіктестері: “Хабар» агенттігі, «Қазақстан», «Ел Арна», «Алматы», СТВ телеарналары, Эльдорадио радиосы, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новая газета”, “Аргументы и факты Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» басылымдары, «Tengrinews”, «Massaget», “Экспресс K», «365 info», «Orda.kz», «Kazakh24.info», «Tengri Lifestyle» интернет порталдары.