Айнұр Ахметжанова мен Санжар Мәди «Бастау» фестивалінің ашылу салтанатын жүргізеді

X Мерейтойлық Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер фестивалінің ашылу салтанатын Айнұр Ахметжанова мен Санжар Мәди жүргізеді. Екеуінің де өмірі кинематографиямен тығыз байланысты.

Айнұр – өнер магистрі, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА оқытушысы және деректі фильмдер режиссері. Оның «Кедергілерді жеңу» картинасы алты халықаралық кинофестивальдердің жүлдегері.

Ал New York Film Academy түлегі Санжар Мадидің а жиырмадан астам фильмге түскен. Актердің жан-жақты талантына комедия жасаушылар да, авторлық кино түсіретін режиссерлер де тәнті.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері: “Хабар» агенттігі, «Қазақстан», «Ел Арна», «Алматы», СТВ телеарналары, Эльдорадио радиосы, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новая газета”, “Аргументы и факты Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» басылымдары, «Tengrinews”, «Massaget», “Экспресс K», «365 info», «Orda.kz», «Kazakh24.info», «Tengri Lifestyle» интернет порталдары.