BASTAU DOCS: қатысушылар мен қазылар алқасы
10-шы «Бастау» Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер фестивалінің халықаралық дебюттік деректі фильмдер байқауының қатысушылары аталды. Қысқа тізімге тоғыз жоба кірді. Жеңіске үміткерлердің соңғы тізімі келесідей:
«100% мақта» реж. Михаил Бородин, Өзбекстан / Германия;
«Теңіздің оралуы» реж. Виктор Вильковский, Қазақстан;
«Мен анама ешқашан айтпайтын нәрсе» реж. Хумайра Билкис, Франция / Бангладеш;
«Үнсіздік туралы айту» реж. Шир Ньюман, Израиль;
«Оңтүстіктің аккордтары» реж. Николас Циамантанис, Греция;
«Деликадо» реж. Карл Малакунса, Филиппин;
«Теңізден шығару» реж. Маурисио Брунетти, Колумбия;
«2300 шақырым» реж. Мерт Хармандар, Түркия;
«Тұман балалары» реж. Ди Хам Ле, Вьетнам.
10-шы «Бастау» үздік деректі фильмін белгілі қазақстандық деректі режиссер Калила Умарова басқаратын қазылар алқасы айқындайтын болады. Қазылар алқасының құрамына швед журналисті және режиссері Малкольм Дикселиус, «Тұран» Университетінің «Кино өнері» кафедрасының оқытушысы Александр Костылев, кинотанушы Инна Смайылова және Internews өкілі, журналист Алевтина Мадьярова кірді.
Фестивальдің ақпараттық серіктестері: “Хабар» агенттігі, «Қазақстан», «Ел Арна», «Алматы», СТВ телеарналары, Эльдорадио радиосы, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новая газета”, “Аргументы и факты Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» басылымдары, «Tengrinews”, «Massaget», “Экспресс K», «365 info», «Orda.kz», «Kazakh24.info», «Tengri Lifestyle» интернет порталдары.