Мерейтойлы фестивальдің жұлдызды қонақтары
Әдеттегідей «Бастау» Алматыда әлемнің түкпір-түкпірінен киногерлерді жинайды. Биылғы жылы мерейтойлық фестивальдің қонақтары Ираклий Квирикадзе мен Сергей Дворцевой болмақ.
«Робинзониада, немесе менің ағылшын атам» және «Ай әкем» фильмдерінің авторы Квирикадзе қазір Мәскеудегі сценарийшілер мен режиссерлердің жоғары курстарында сабақ береді, сонымен қатар Қазіргі заманғы өнер институтында көркем фильмдер режиссері шеберханасын басқарады.
Біздің даңқты жерлесіміз, Канн кинофестивалінің екі дүркін жеңімпазы Сергей Дворцевой бүгінде бірнеше елде тұрып, жұмыс істейді. «Бастау» фестивалі аясында «Қызғалдақ» және “Айка”фильмдерінің авторы студенттерге шеберлік сыныбын өткізіп, көрермендермен режиссерлік мамандықтың қыр-сыры туралы әңгімелеседі.
Фестивальдің ақпараттық серіктестері: “Хабар» агенттігі, «Қазақстан», «Ел Арна», «Алматы», СТВ телеарналары, Эльдорадио радиосы, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новая газета”, “Аргументы и факты Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» басылымдары, «Tengrinews”, «Massaget», “Экспресс K», «365 info», «Orda.kz», «Kazakh24.info», «Tengri Lifestyle» интернет порталдары.