Кинофестиваль негізінде Халықаралық кино мектептері қауымдастығы табысты жұмыс істейді, соның арқасында студенттер тәжірибе алмасады, АҚШ, Ресей, Түркия және басқа елдерде тағылымдамадан өтіп, беделді кинофестивальдерден марапаттар алады.
Қазіргі уақытта әлемдегі 33 жетекші киномектептерді қамтитын Халықаралық киномектептердің Халықаралық ассоциациясында, соның ішінде В.И. атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінде. С.А. Герасимова (VGIK), Нью-Йорк киноакадемиясы, Грузия мемлекеттік театр және кино университеті Шота Руставели, Мимар Синан университеті (Түркия), Берлин киномектебі (Германия), EICAR кино мектебі (Франция), Балтық кино мектебі, Сингапур киномектебі, Пекин Киноакадемия, Минск киномектебінің студиясы, Кинематографияны дамыту қоры және Манас университеті (Қырғызстан), «Киносервис» кинокомпаниясы (Тәжікстан) және басқалары.
Қауымдастық – бұл жақсы жұмыс жасайтын орган, оның арқасында өндірістік жоғары оқу орындарының студенттері өндірістік практикалар мен кинофестивальдерге бара алады.
«Бұл фестиваль жас, бірақ ол тек жылдан-жылға күшейіп келеді, тек қатысушылар саны бойынша ғана емес, сонымен қатар қызықты тақырыптар мен қызықты шығармашылық әңгімелер саны бойынша. Бұл бүкіл әлемдегі шығармашыл жастар үшін өте пайдалы және маңызды. Біз олардың аяғынан тұруына көмектесуіміз керек. Бұл үшін біз Қауымдастыққа бірігеміз. Бұл бір-біріне бюрократиясыз, тезірек көмектесетін құрал », – деп атап өтті ВГИК ректоры С.Герасимов Владимир Малышев.
БАП 1. МЕМОРАНДУМНЫҢ МӘНІ
1.1 Еуропа, Азия, ТМД елдерінің фильмдері тең дәрежеде көрсетілетін Еуразияның жас кинематографистерінің арасында халықаралық ынтымақтастық және мәдени алмасу орнату мақсатында, Тараптардың өз қызметтерін жүзеге асыру барысында болашақ мүмкіндіктерді дамыту үшін, сондай ақ оқу процессін жетілдіру және оқыту әдістерін жақындату әрі тараптардың интеллектуалдық және шығармашылық қорларын өзара тиімді пайдалану үшін Тараптар кино өнер саласындағы жетекші киномектептер қауымдастығын ортақ тиімді негізде құратын болып, өзара күш-жігерін біріктіруге келісті.
БАП 2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2.1. «Жетекші киномектептердің қауымдастығы», (ары қарай- Қауымдастық) – осы Меморандумда анықталған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін құрылған және басты мақсаты пайда көру емес әрі қолға тиген таза кірісті қатысушылар арасында бөліске салмайтын коммерциялық емес ұйым.
2.2. Қауымдастық қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, ҚР «Коммерциялық ұйымдар туралы» Заңы негізінде және Қазақстан республикасының өзге де заң актілері мен осы Меморандумға сәйкес жүзеге асырады.
2.3. Қауымдастық ұйымның ұйымдастырушы-заңды формасында заңды тұлғасы болып табылады. Оның жеке меншігінде әрі жіті басқаруында жеке мүліктер бар және ол мүлікті өз міндеттері бойынша пайдаланады, өз атынан керегін сатып ала алады және мүліктік құқты жүзеге асырып, жауапкершілікті мойнына алады.
2.4. Қауымдастық шектеусіз мерзімге құрылды.
2.5. Қауымдастық мүшелерінің саны шектелмеген.
БАП 3. МАҚСАТЫ, МІНДЕТІ МЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
3.1. Қауымдастықтың құрудың басты мақсаты – жас киногерлер арасында халықаралық ынтымақтастық пен мәдени алмасу орнату, киносаланы дамытуға күш салатын заң және нормативті-құқықтық базаны жетілдіру барысында кинематография саласында туындайтын мәселелерді шешуге ықпал ету.
«Жетекші киномектептер қауымдастығы» ортақ мақсатқа жету үшін күш біріктірген киносаланың белсенді қатысушыларын шоғырландыру арқасында құрылды. Қауымдастықтың басты міндеттері – қатысушы-мемелекеттердің киносаласын дамытуына ықпалдастық ету, Еуропа, Азия, ТМД елдеріның фильмдері тең дәрежеде көрсетілетін Еуразияның жас киногерлеріның арасында халықаралық ынтымақтастық және мәдени байланыс орнату, сондай ақ ТМД аумағымен қатар бүкіл Еуразия континентін қоса алғандағы аумақта мәдени және кәсіби байланыстарды қалыпқа келтіру, дамыту, нығайтуға ықпалдастық ету.
3.2. «Жетекші киномектептер қауымдастығы»-белсенді қатысушылардың ірі бірлестігі.
3.3. Қауымдастықтың алдында келесі мақсаттар мен міндеттер тұр:
3.3.1. Қауымдастық мүшелерінің кәсіби қызметіне қатысты тәжірибесін жалпылау;
3.3.2. Қауымдастық қатысушылары үшін жоғары санатты кәсіби мамандар сөз сөйлеп, тәжірибесімен бөлісетін, алмасатын семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар және іскерлік кездесулер ұйымдастыру және өткізу;
3.3.3. Кинематография және киноөндіріс саласына қатысты халықаралық, аймақтық әлеуметтік-мәдени экономикалық бағдарламаларға қатысу;
3.3.4. Шетелдердің дәл өзіндей Қауымдастықтарымен ықпалдасу, отандық және халықаралық көрме, жәрмеңке, семинар, шеберлік дәрістер және өзге де шараларға қатысу. Әріптестермен іскерлік қатынастар орнатуға ықпалдастық ету.
3.3.5. Ғылыми-практикалық конференциялар өткізуде және киносаланың озық технологияларын енгізуде ғылыми-зерттеу институттарымен және ЖОО ынтымақтастық орнату.
– Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы болмайтын өзге де қызметтермен айналысу.
3.3.6. Қауымдастықтың алдағы мақсат-міндеттерге қол жеткізуге құқы бар:
3.3.7. қатысушы-мемлекеттер аумағында –шетелде ұйымдастырушы, шаруашылық, ғылыми-әдістемелік және өзге де қызметтерді жүзеге асыру:
3.3.8. Қатысушы-мемлекеттер аумағында және шетелде бекітілген тәртіп бойынша, мекемелермен, ұйымдар және фирмалармен, сонымен қатар олардың өкілдерімен Қауымдастықтың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша іскерлік байланыстьар орнату;
3.3.9. шетелдік әріптестермен ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту;
3.3.10. арнайы көрмелер, симпозиумдар, мәдени іс-шаралар және т.б. ұйымдастыру және қатысу;
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды пайдалану.
БАП 4. ҚАУЫМДАСТЫҚ МҮШЕЛЕРІ, ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
4.1. Қауымдастық жаңа мүшелерді қабылдауға ашық. Қауымдастыққа Қауымдастық мақсаттарын жүзеге асыруға үлес қоса алатын заңды тұлғалар мүше бола алады.
Қауымдастық мүшелері дербестігін және заңды тұлғаның құқығын сақтап қала алады.
БАП 5. ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРТТАР
5.1. Қаржылық және өзге де шарттар, сондай ақ іс-шаралардың атқару мерзімдері тараптар арасындағы өзара кеңестер негізінде келісіледі де одан соң жеке Келісім бекітіледі. Онда Тараптардың барлық қаржылық және заңдық құқықтары мен міндеттері жазылады.
БАП 6. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
6.1. Тараптар бір бірімен осы Меморандумның орындалу мәселелері бойынша туындаған даулы мәселелерді ортақ шешім шығару үшін Тараптар тек келісімсөз жүргізу жолымен ғана шешілетін болады.
БАП 7. ХАБАРЛАМАЛАР МЕН ЕСКЕРТУЛЕР
7.1. Тараптар бір-біріне барлық хабарламалар, ескертулер, ұсыныстар және өзге де құжаттарды курьермен, арнайы хатпен жіберілген және алынған саналатын тиісті үлгіде е жазба түрде жібереді.
БАП 8. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
8.1. Егер жазба түрде құрастырылған және тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған болса, онда Меморандумға Тараптардың келісімі бойынша расталған деп саналатын өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Кез келген өзгертулер мен толықтырулар, сондай-ақ болашақта Тараптар құрастыратын осы Меморандумның қосымшалары құжаттың айнымас әрі құрамдас бөлігі болып саналады.
8.2. Бұл Меморандум тараптар қол қойған соң күшіне енеді.
8.3. Бұл Меморандум тараптардың ортақ келісімі бойынша оны бұзу туралы жеке келісімшартқа қол қойғаннан соң күшін жояды. Сондай ақ Меморандумды бұзу біржақты соттан тыс тәртіп арқылы да жүзеге асады. Бұл ретте бастамашы болған тарап Меморандумды бұзу туралы ниетін шамалас бұзылатын күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн қалғанша жазбашы ескерту жіберуі тиіс.
8.4. Ешбір тарап өзінің осы Меморандумға қатысты құқықтары мен міндеттерін үшінші жаққа басқа тараптардың келісімінсіз өзгертуге хақысы жоқ. Бұл меморандум міндетті болып табылатындықтан, Тараптардың, олардың сәйкес құқық иемденушілері мен өкілдерінің пайдасы үшін әрекет етеді.
8.5. Бұл Меморандумда қарастырылмаған басқа жайттар бойынша Тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасына сүйене әрекет етеді.
8.6. Бұл меморандумның 7 данасы бар. Барлығының заңдық күші тең дәрежеде. Әр Тарапқа бір данадан беріледі.
№ | Киномектептер атауы | Қол қойылған жыл | Киномектеп өкілі |
1 | Т.К.Жүргенов атындағы ҚазҰӨИ | 2011 | Мұхамедиұлы Арыстанбек |
2 | С.А.Герасимов атындағы Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография институты (ВГИК) | 2011 | Малышев В.С. |
3 | Нью-Йорк киноакадемиясы | 2011 | Дэн Маклер |
4 | Мимар Синан университеті | 2011 | Йалчын Караягыз |
5 | Әзірбайжандағы мәдениет және өнер университеті | 2011 | Тимучин Эфендиев |
6 | Еревандағы мемлекеттік театр және кино институты | 2011 | Армен Мазманян |
7 | «Манас» қырғызо-түрік университеті | 2011 | Сулайман Каипов |
8 | Белоруссияның мемлекеттік өнер академиясы | 2011 | Иванов Павел Владимирович |
9 | «Тұран» университеті | 2012 | Алшанов Рахман |
10 | Балтиялық медиа және киномектеп (Эстония) | 2012 | Ихо Арво |
11 | Сараевтегі киноакадемия (Босния және Герцеговина) | 2012 | Диздаревич Ненад |
12 | Ресейдің сценаристер және режиссерлердің жоғарғы курстары | 2012 | Сикора Ольга |
13 | Б.Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер институты | 2012 | Интина Салтанат |
14 | Турсунзаде атындағы тәжік мемлекеттік өнер институты | 2012 | Саидов Носир |
15 | Абу-Дабидегі (БАӘ) медиялық компания | 2012 | Мохаммад Али Ансари Фасхи |
16 | Евразиялық телевизия және радио академиясы | 2013 | Рузин Валерий |
17 | Шота Руставелли атындағы Грузиядағы мемлекеттік театр және кино университеті | 2013 | Джанелидзе Давид |
18 | Бейт Берл колледжі, өнер мектебі, кинематография бөлімі | 2013 | Элийяу Зигдон |
19 | Украинадағы мәдениет және өнер университетінің кино және телевизия институты | 2013 | Ширман Роман |
20 | И.Карпенко-Карый атындағы Киевтегі ұлттық театр, кино және телевизия университеті (Украина) | 2013 | Терещенко Юрий |
21 | Латвиялық мәдениет академиясы | 2014 | Муктупавела Рута |
22 | EICAR киномектебі (Франция) | 2014 | Роберт Баквэ |
23 | Rits School of arts (Бельгия) | 2014 | Дитер Лесаж |
24 | NAFTA Ұлттық кино және театр өнері академиясы (Болгария) | 2014 | Стойчева Светлана |
25 | Молдавиядағы музыка, театр және өнер академиясы | 2014 | Мельник Виктория |
26 | Мемлекеттік өнер және мәдениет академиясы (Өзбекстан) | 2014 | Файзиева Феруза |
27 | Батумиядағы Мемлекеттік өнер университеті (Грузия) | 2014 | Эрмиле Месхиа |
28 | Т.К.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА | 2015 | Нусипжанова Бибигуль |
29 | Сплит қаласындағы университетінің өнер академиясы | 2015 | Профессор Слободан Йокич |
30 | Қазақ Ұлттық өнер Академиясы | 2015 | Айман Мұсақожаева |
31 | Белградтағы өнер университеті, драма өнері факультеті | 2015 | Профессор Владан Павич |
32 | Санкт-Петербордағы сценаристер мен режиссерлердің жоғарғы курстары, Ресей | 2015 | Светлана Федина |
33 | Кенсан Ұлттық университеті, Оңтүстік Корея | 2015 | Профессор, Киносарапшы Хон Сан Ву |
34 | Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақстан | 2019 | Ректор Әбдуалиев Ақан Жылқышыбайұлы |
35 | Заманауи өнер институты, Ресей | 2019 | Алексей Ханютин |
36 | Халықаралық Оскар колледжі, Непал | 2019 | Ашма Похарел |
37 | Ресей және Армения университеті, Армения | 2019 | Арсен Аракелян |