Айбарша Бөжеева

«Тұран» университетінің Turan Film Academy Жоғары мектебінің профессоры

Режиссер, сценарист, кинотанушы, «Өнертану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD).

1985 жылы Алматы Сәулет – құрылыс институтының сәулет факультетін бітірген. Мамандандығы – сәулетші.

1991 жылы Ленинградтағы Н. Черкасов атындағы Мемлекеттік театр, музыка және кинематография институтының драмалық өнердің режиссура бөлімінде телевизия және кино режиссурасының мамандығын бітірді.

2004 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының  (КИМЭП)

магистратурасын журналистика және БАҚ саласындағы өнертану магистрі академиялық дәрежесімен бітірген.

2017 жылы Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА докторантурасын бітіріп, «Қазақстанның деректі киносындағы шындықты жаңғыртудағы режиссерлік тәсілдердің тенденциялары (1985-2015)»  тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

15 деректі фильмнің режиссері. 1999 жылғы Лондондағы Еуропалық әлеуметтік жарнама байқауының дипломанты. «Перекресток» телехикаясының режиссері.

Баубек Нөгербек

Кафедра меңгерушісі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы

PhD докторы, доцент

Академиялық және практикалық тәжрибе: 13 жыл

Оқитын пәндері: Кино сыны, ДҒЗЖ, МҒЗЖ, Заманауи кинотанудың теориялық тұжырымдары

– 2017 жылдан Қазақстан киносыншылар қауымдастығының мүшесі.
– «Eurasia», «Шәкен жұлдыздары», «Дидар», «Бастау» ХКФ ұйымдастыру, іріктеу комиссиясы мүшесі, бағдарлама модераторы қызметін атқарды.
– «Ашық көрсетілім», «Открытый показ», «Соңғы муза», «Сана» телебағдарламаларының сарапшысы.

Аида Машурова

Аға оқытушысы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы

PhD Докторы

Академиялық және практикалық тәжрибе: академиялық тәжрибе 8 жыл, практикалық тәжрибе 20 жыл

Оқитын пәндері: «Америка киносының тарихы» (ағылшын және орыс тілдерінде), «Азия киносының тарихы» (ағылшын және орыс тілдерінде),» қазақ киносының тарихы», «режиссура теориясы» (ағылшын тілінде), «режиссура негіздері» (ағылшын тілінде), МҒЗЖ, ДҒЗЖ