Майя Веронская мен Санжар Мәди – «Бастау» кинофестивалінің ашылу салтанатының жүргізушілері
XI Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер фестивалінің ашылу салтанатын Майя Веронская мен Санжар Мәди жүргізеді. Салтанатты шара 12 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.
Майя – танымал тележүргізуші және актриса. Қазақ мектебіндегі білімі мен оқуының арқасында Майяның әдеби тілі жақсы қалыптасқан. Ол ұлттық мақал-мәтелдерді жақсы көреді. Оның мақсаты – қазақ мәдениеті мен тілін насихаттау. Әр жылдары «Қазақстан», «Хабар», «Хит тв» телеарналарында жұмыс істеген. Кинодағы алғашқы дебюты 2010 жылы режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Балалық шағымның аспаны» фильміндегі шағын рөлі. Кейін «Айналайын», «Кұрдастар», «KZ-ландия», «Судағы із» және «Қызыл жол» жобаларында эпизодтық рөлдерде ойнап шықты. 2021 жылы актриса «Ұлт мұғалімі» өмірбаяндық драмасында басты рөлді сомдады.
Ал New York Film Academy түлегі Санжар Мади жиырмадан астам фильмге түскен. Актердің жан-жақты талантына комедия жасаушылар да, авторлық кино түсіретін режиссерлер де тәнті. «Бастаудың» ашылуын ол екінші жыл қатарынан жүргізейін деп отыр.
Фестивальдің ақпараттық серіктестері: «Qazaqstan», «Хабар», «Jibek Joly», «Silk Way», «Almaty tv», «Alatau tv» телеарналары, «Эльдорадио» және «Народное радио» радиостанциялары, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан» басылымдары, «Время», «Baq.kz», «Kazinform», «365 info», «Orda.kz», «Global.news.kz», «Qaz365.kz» порталдары, «Qazcontent» медиакомпаниясы, JAS ÓNER журанлы және PRO Production сайты.