Құрметті достар, әріптестер!
Биылғы жылы «Бастау» халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер фестивалін ерекше сезіммен ашқалы отырмыз – себебі бізде мерейтой, оныншы фестиваль. Менің ойымша, «Бастау» атты фестивальдің мерейтойы Жаңа Қазақстан идеясының басталуымен тұспа-тұс келуі де ерекше мағынаға ие.
Осы он жыл ішінде біз бәріміз бірге үлкен жолдан өттік. Жүздеген көрсетілімдер, мыңдаған көрермендер, және ең бастысы – көптеген жаңа есімдер. Бұл есімдер – біздің ұлттық киномәдениетіміздің қалыптасуына өз үлестерін қосып қана қоймай, ертеңгі күннің трендтерін белгілейтін талантты жастарға айналуы тиіс. Олар бүкіл қазақстандық қоғамның ойлары мен ұмтылыстарының өкілі болуға тиіс.
Біздің алдымызда өте маңызды мақсат тұр. Жас ұрпақ бұрынғылар жасаған барлық жақсылықтарды сақтай отырып, өздері жаңа дауысқа ие болуы керек. Сондықтан, биылғы жылдан бастап біз отандық кинематографистерге есімі жақсы таныс Қалықбек Салықовты еске алуға арналған жаңа сыйлықты ұсынғалы отырмыз. Меніңше, оның «Балкон» фильмі, «Қазақтың жаңа толқынының» пайда болуы туралы алғашқылардың бірі болып хабарлады. Мұндай сыйлықтың пайда болуы әділетті. Бұл сыйлық ең жақсы қысқа метражды фильм үшін берілетін болады.
Бізді алдымызда көптеген қызықты көрсетілімдер, жаңа таныстар және ескі достармен кездесулер күтіп тұр.
Сіздерді оныншы «Бастау» фестивалінің ашылуымен құттықтаймын және баршаңызға бүгінгі жұмыстарыңызға табыс және болашақта ең батыл идеяларды іске асыруды тілеймін!