Соғыс тұтқыны
Қазақстан – әскери тұтқындарды, депортацияға ұшырағандарды,
«сталинизм жауларын», «өзгеше ойлайтындарды», «космополиттерді»
айдауға жіберетін орын болды. Сол тұтқындар ішінде Екінші Дүниежүзілік
соғыс солдаттары: жапондар, немістер, француздар, испандықтар, венгрлер,
поляктар, еврейлер, түріктер, литвалықтар, украиндықтар және т.б. бар
болатын. Ерекше лагерьде саяси тұтқындар, дәрігерлер, ғалымдар,
инженерлер, жазушылар сияқты зиялы қауым, сонымен бірге ұрылар мен
бандиттер отырды, осындай түрлі әлеуметтік топтың шоғырлануы
салдарынан аяусыз шиеленістер орын алатын.
Ерекше лагерьде Ючи Харада соғыстан кейінгі дәуірдің аяусыз
шындығымен бетпе бет қалады. Лагерь Ючи үшін ауыр сынақ алаңына
айналады.
Дәл сол лагерьге отанына опасыздық жасады деген айыппен кеңес
офицері, соғыс қаһарманы Ақажан Доскеев те түседі. Сағы сынбаған офицер
фашист басқыншыларына қарсы майданда көрсеткен ерліктері ұмыт
қалмайтынына, көп ұзамай ақталып шығатынына сенімді.
Бұл хикаяда біздің кейіпкерлеріміз өз адамшылығы мен
жасампаздығын сақтай отырып, қиын сүрлеуді абыроймен еңсереді.
Үміттен өзгенің бәрін жоғалтқан қазақ пен жапон соғыстың мәнсіздігін
түсініп, еркіндік үшін күрес жолында бас тігуге серттеседі.
Ючи лагерьден 1954 жылы ғана шықты, бірақ Жапонияға орала
алмады, себебі ол бірде бір әскери тізімде жоқ еді.
Тілдер: қазақ, орыс, жапон, т.б.
Түсірілім орны: Қазақстан
«Астанателефильм» кинокомпаниясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі,
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ тапсырысымен.
Хр. 113 минут. Түрлі-түсті. DOLBY .5.1