Инкубатор

Бала өз отбасында жалғысырап жүр. Бір күні зертханашы әкесінен ол инкубатордың құрылымы мен қызметі туралы біліп, үйдегі микротолқынды пештің ұқсас принцип бойынша жұмыс істейді деген ойға келеді. Сөйтіп тауық жұмыртқасы мен ата-анасының ДНҚ-сынан ол өзіне, әрдайым қасында болатын, бауыр өсіріп алмақшы болады. Бірақ көп ұзамай ата-анасының назарын бөлуге дайын емес екенін түсінген бала, ішінде інісі өсіп келе жатыр-ау деген жұмыртқаны импульсивті түрде жарып жібереді. Экспериментінің сәтті болатынына кәміл сенген бала, енді адам өлтіргеніне сенімді.

Қазақстан, 2023, 22 мин.

Шығарушы-студия: Тұран киноакадемиясы

Тілі: орыс

Форматы: DCP

Сценарий авторы: Яна Бушмина

Режиссер: Яна Бушмина

Қоюшы оператор: Камила Макат

Қоюшы суретші: Аяна Нурдинова

Рөлдерде: Демьян Дмитриенко, Анастасия Найзабекова, Станислав Петренко