Аталмаған

Зайнаб – отбасын асырап отырған, табыскер бойжеткен. Бірақ іштей өзін ұл деп санайды.  Жыныс ауыстыру операциясын жасатуға бел буған ол отбасының қарсылығы мен қоғамның бұл мәселеге көзқарасынан бөлек, басқа да қиындықтарға кезігеді. Біраз уақыт волейбол ұлттық құрамасыда ойнап келген, Зайнаб қазір Бартар лигасында ойнайды. Операциядан кейін еркектермен салыстырғанда бойы қысқа болғандықтан кәсіпқой волейболдан біржола шеттетіліп, кәсіби болашағынан ғана айырылып қоймай, күнкөрісінен де айырылып, өзі бағып отырған отбасын қиыншылыққа ұшыратады.

Иран, 2023, 13 мин

Шығарушы-студия: Тарбиат Модарес атындағы университет

Тілі: парсы

Форматы: DCP

Сценарий авторлары: Иранмехр Салими, Захра – Джесмани

Режиссер: Иранмехр Салими

Продюсер: Иранмехр Салими