ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
«ALMATY FILM LAB» Алматы қаласында өтетін «Бастау» халықаралық кинофестивалі аясында ұйымдастырылады. Лаборатория жас кинематографистерге фестиваль барысында әлемдік және ұлттық киноиндустрияныңжетекші мамандарынан тренинг алуға мүмкіндік береді. Лаборатория үш күндік воркшоп, шеберлік сыныптарыжәне шақырылған отандық және шетелдік сарапшылардантұратын питчинг қазылар алқасының алдында финалдықпитчинг түрінде өтеді.
Лабораторияға Қазақстан Республикасының азаматтығыбар, фильмографиясында толықметражды фильмі жоқрежиссерлер өз жобалары мен идеяларын кәсібимамандармен талқылау үшін өтінім бере алады. Соныменқатар, бір қысқаметражды көркем фильм мен бірқысқаметражды деректі фильм өндірісіне қаржылай қолдауалуға және келесі «Бастау» халықаралық кинофестиваліндетаныстыру мүмкіндігіне ие болады.
ІРІКТЕУ ПРОЦЕСІ
— «ALMATY FILM LAB» бағдарламасына қатысу үшінҚазақстаннан 10 кинематографист (сценаристер, режиссерлер, сценарист/режиссерлер және продюсерлер) іріктеледі:
5 қысқаметражды көркем жоба
5 қысқаметражды деректі жоба
— Іріктеуден өткен қатысушылардың финалдық тізімікинофестивальдің сайтында жарияланады. Іріктеуденөтпеген өтінім иелері жеке хабарлама алмайды. «ALMATY FILM LAB» үміткердің неге өтпегенін түсіндіруге міндеттіемес.
—
Кім өтінім бере алады?
— Бұл бағдарлама толықметражды фильм түсірмегенҚазақстан Республикасының барлық режиссерлері үшінқолжетімді.
—
Өтінім беру кезінде ұсыну қажет:
— Биофильмография (3000 таңбадан аспауы керек), ондакәсіби тәжірибе мен жетістіктеріңіз, сондай-ақфильмографияңыз көрсетілуі тиіс.
— Жобаңыздың синопсисі (3000 таңбадан аспауы керек).
— «ALMATY FILM LAB»-қа қатысқыңыз келетінсебептеріңізді және лабораторияның кәсіби дамуыңызғақалай ықпал ететінін түсіндіретін мотивациялық хат.
Өтінім беру мерзімі: 2024 жылдың 8 желтоқсаны, сағат23:00-ге дейін.
Жобаларды питчингке қатысу үшін алдын ала іріктеудіфестивальдің іріктеу комиссиясы жүзеге асырады. Питчингке қатысу тек қазақ/орыс/ағылшын тілдеріндеАлматы қаласында офлайн түрде өтеді. Лаборатория Алматы қаласынан тыс жерден қатысушылардың ұшыпкелу және тұру шығындарын өтемейді.
Фестиваль барысында қазылар алқасы мүшелері мен менторлар тренингтер, панельдік талқылаулар, шеберліксыныптар мен дәрістер өткізеді. Барлық үміткерлер екітопқа бөлінеді (fiction және doc), әр топқа өз менторы тағайындалады.
Питчинг сессиясы тіркелген барлық қонақтар үшін тегін.
—
Жауапкершілік:
Питчингке қатысушылар өз жобаларын (идея, синопсис, тритмент, сценарий) ұсыну үшін барлық қажетті құқықтарғаие екендіктеріне кепілдік береді. Авторлық құқықтар мен үшінші тараптардың талаптары бойынша жауапкершілікөтінім жіберген қатысушыға жүктеледі. Даулы жағдайлардафестиваль ұйымдастыру комитеті мәселе шешілгеншежобаны қараудан алып тастауға құқылы.
—
Almaty Film Lab үш күнге созылады:
1-КҮН: Менторлармен жұмыс, кино мамандарыменкездесулер.
2-КҮН: Питчинг репетициясы.
3-КҮН: Ашық питчинг.
Әр жобаға арналған презентацияның жалпы ұзақтығы — 5 минуттан аспайды.
Презентациядан кейін жобаны талқылау және сұрақтар — 7 минуттан аспайды.
Питчинг қазылары үздік жобаны анықтайды.
Сыйлықтар:
— Қаржылық қолдау: «Еуразия» халықаралықкинофестивалі және «Qara Studios».
— Техникалық қолдау: Ш. Айманов атындағы«Қазақфильм» АҚ.
Питчинг нәтижелері фестивальдің сайтында жарияланады.
Барлық фильмдер 2025 жылы түсірілуі тиіс.