
Бұл өзінің айналасындағылардың өмірін тәтті ететін Жәмилә есімді жас кондитер әйел жайлы мейірімді оқиға. Бірде ол өздерінен үнемі «тәтті қыз» тортын сатып алатын жас жігітті байқайды… Бұл – Жан-Пьер Жененің француздық «Амели» фильмінен шабыт алған, адамдарға сүйіспеншілікпен құрылған оқиға. Ол адамдарда ең жағымды сезімдер тудыруға, сеанстан көрермендер жылы сезіммен шығу үшін жаралған. Керемет қыз, өнерлі кондитер Жәмилә өзінің аспаздық қалақшасының серпілісімен сіздің өміріңізді тәтті ете түседі, ал оның сүйіктісі, бесаспап шебер Самат сізге қымбат, бірақ сынып қалған кез келген затты жөндеп береді. Бақытты күтпеңіздер, оны өз қолдарыңызбен жасаңыздар – фильмнің түпкі ойы осындай.
Режиссёр: М.Балжанов
Продюсер: А.Ибраһим
Сценарий: М.Балжанов
Компания: «Н-Роint» ЖШС