Адемоканы оқыту

Адемоканы оқыту

Адемока – Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен шағын люли сыған тайпасынан шыққан мигрант. Әкесі мен анасы қыз баланы осы қауымда әдет боп қалыптасқан қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлейді. Бір күні Адемока бөгде біреудің үйінен, кездейсоқ «Унесенные ветром» фильмін ортасынан бастап көреді. Сол уақыттан бастап, Адемоканың кино туралы бәрін білуге, тура осындай фильмдерді түсіруге деген құлшынысы пайда болады. Жақында Адемока 15-ке келеді, бірақ ол не жаза, не оқи алмайды. Оның тағдыры – сол қауымның ақсақалына тұрмысқа шығып, балаларынмен түрлі қалаларды кезіп, қайыр тілеу. Бірақ Адемока тілді үйреніп, сауат ашып, тіпті бірінші сыныпқа бару қажет болатын болса да болашақта сценарист боламын деген нақты шешім қабылдайды.

Қазақстан, Франция, 2022, 90 мин.

Өндіріс: «ҚАЗАҚФИЛЬМ» АҚ

Тіл: қазақша, орысша

 

Сценарий авторы: Әділхан Ержанов

Режиссер: Әділхан Ержанов

Продюсер: Ольга Хлащева, Серик Абишев, Алмат Массалим, Гийом де Сей

Оператор: Азамат Дулатов
Музыка: Сандро Ди Стефано
Рольдерде: Данияр Алшинов, Адема Ержанова, Асель Садвакасова, Болат Калымбетов, Санжар Мади.