Под гнездом аиста

Ләйлектің ұясының астында

Фильмнің Аарон есімді басты кейіпкері футбол ойнап жүріп, допты тандырға
теуіп түсіреді. Егер доп өзінікі болса, ештеме емес еді. Бірақ доп оның Грик есімді досыныкі. Әрі жай доп емес, алыстағы чемпионаттан естелікке әкелінген доп болатын. Енді Аарон дәл сондай допты қалай да тауып, досына қайтаруы керек. Отбасындағы қиындықтарға байланысты Аарон тығырықтан өзі шығуға тиіс. 2021 Gandhara Independent Film Festival, 2021 International Children’s Film Festival Bangladesh (Үздік қысқаметражды фильм, Үздік режиссер), 2021 Chennai International Documentary and Short Film Festival, 2021 Золотой Витязь, 2021 Golden Bee International Children’s Film Festival, 2021 Свет миру, 2021 Халықаралық қысқаметражды фильмдер кинофестивал, Нижний Новгород.

Ресей, Армения 2020
Көркем фильм, студент
Режиссер: Ани Оганисян
Сценарийші: Ани Оганисян
Оператор: Михаил Овчинников
Продюсер: Сарик Андреасян, Ани Оганисян
Рөлдерде: Эдуард Аракелян, Вааг Варданян, Мария Баблоян, Ани Игитян, Мариям Сарян, Рузанна Месропян