Рух

РУХ

Әлияны ата-анасы қанаттыға қақтырмай, әлпештеп өсіреді. Ол да отбасының үмітін ақтап, ақылды, әдепті, білімді қыз болып өседі. Әлия соңғы емтихандарды тапсырғаннан кейін алыс елдерге саяхаттап, ел көріп, жер көруді, жаңа адамдармен танысуды армандайды. Сонымен қатар ол отбсы мен еліне адал қызмет етіп, қоғамға пайдалы істермен айналысқысы келеді, өмірлік жарын кездестіріп, бақытты отау құрғысы келеді. Әлияның әкесі – ауылдың сыйлы азаматы. Ол қызына бар білгенін үйретеді. Еліңе қамқор бол деп құлағына құйып отырады. Ал Әлияның анасы қыз балаға қажет нәрсенің бәрін – болашақ адал жар, қамқор ана болуды үйретеді. Осындай ортада Әлия ауылына қамқор азамат болуға лайық болып бой жетеді. Бірақ оның арманының орындалуына бір қайғылы жағдай кедергі келтіреді. Бірде дүкеннен келе жатқан Әлияны біреулер алып қашып кетеді.

Қазақстан 2020
Көркем фильм, дебют
Сценарийавторы:Мади Қайыржан
Режиссер: Мади Қайыржан
Оператор: Қайрат Теміргалиев
Продюсер: Евгений Семенов
Дыбыс режиссері: Александр Кхимич