Әке, ән айтып берейік пе?

Әке, ән айтып берейік пе?

Бамбо кішкентай болғанына қарамастан, айналасында болып жатқанның бәрін түсінеді. Әкесінен таяқ жеген анасы қалаға дәрігерге қаралуға кетеді. Түнде тағы да ішіп келген әкесі шуылдап, үй-ішіндегілерге ұйқы бермейді. Таңертең әпкелері мектепте кетіп қалғанын байқаған Бамбо әкесінің досымен тағы да ішімдік ішуге кіріскенін көріп, бірден далаға кетіп қалады. Түскі ас кезінде балалар үйді-үйіне тарап, Бамбо да үйіне барады. Бірақ үйде тіске басар ештеңе жоғын көріп, әжесінің үйіне тартып отырады. Сөйтсе әжесі үйде болмай шығады. Үйіне оралған ол әкесінің есікті құлыптап ұйықтап қалғанын көреді. Ал оянған соң әкесі пеш жағып, балаларына бауырсақ пісіріп береді. Бұл әрекет кішкентай Бамбоның жүрегінде әкесіне деген сүйіспеншілік сезімді оятады. Ташкет халықаралық кинофестивалі 2021 (Өзбекстан) – Үздік актерлік роль үшін қазылар алқасының сыйлығы, Human Environment Care Film Festival 2021 (Канада), Women’s Film Festival – Demakijaz 2021 (Польша), Gimpo International Youth Film Festival 2021 (Корея), 12th Educational Film Festival – Edukino 2021 (Польша).

Қазақстан 2021
Қысқаметражды көркем фильм,
операторлық дипломдық жоба
Режиссер, сценарийші: Айдана Бауыржанқызы
Оператор: Есенбек Мнейхан
Рольдерде: Медина Келісова, Елдана Келісова, Толғанай Өмірбек, Әнуар Тілеужанов