Зере

Зере

Жанына жақын адамның қазасын әркім өзінше қабылдайды. Отағасы дүние салғаннан кейін екі баламен артында қалған Сараға белгісіз біреулер қоқан-лоққы көрсетіп, талап қояды. Егер біздің айтқанымызды орындамасаң тура жаназасын шығарған кезде күйеуін жаманатты етіп, аруағына қорлаймыз дейді. Айналасындағылардың әжуа-мысқылына қарамастан, Сара мойнындағы борышын адал орындамақ болады. Дегенмен бұл әрекеті қызы Сараның өміріне кесірін тигізеді. Сара қызының тағдырына араласуға хақым бар деп санайды. Алайда Зеренің өз ойы, таңдаған өз жолы бар. Ол жол қайда апарып тірейтіні белгісіз. 15 жасар жасөспірімнің жан қалауы – еркін болу, өз еркімен таңдау жасау. Қалғаны тағдырдың еншісінде.

Қазақстан 2021
Режиссер: Дәурен Қамшыбаев
Продюсер: Еркебұлан Күрішбаев
Оператор: Асылхан Мелдебеков
Монтаж: Тимур Дулатов
Суретші: Джаллалитдин Ибрагимов
Дыбыс режиссер: Ерлан Өтепбергенов
Музыкасы: Дана Зулпыхарова
Рөлдерде: Адина Бажан, Берік Айтжанов, Ольга Ландина, Мұрат Бисембин, Сануржан Сүлейменов