Огонь

OT

Толик деген жігіт үлкен қалада бала-шағасы, аяғы ауыр жұбайы мен зей – неткер әкесін асыру үшін күндіз-түні тырбанып еңбек етеді. Өзі бірнеше жылдан бері қарапайым компанияда қатардағы курьер болып жұмыс істеп, орташа жалақыны қанағат етіп келеді. Толик – не қызметте жоғарылайтын түрі байқалмай, не тапқан табысы да артпай, несиеден несие алып, қарыздан көз аша алмай жүрген көптің бірі. Алайда оның армандағы өмірі бұл емес еді. Ауылдан қалаға көшкенде бүкіл отба – сы үлкен қызы Сәуленің қабілетіне үміт артқан болатын. Бірақ бірде ол Сәуленің аяғы ауыр екенін естиді. Бұл хабар қызының да отбасының да арманына балта шапқанда әсер етеді. Тығырықтан шығудың амалын іздеп жанталасқан Толик неше түрлі шытырман оқиғаға тап болады. Одан шығар жол Толикті үш ұйықтаса түсіне кірмеген жағдайларға апарып тірейді.

Қазақстан 2021
A Team кинокомпаниясының өндірісі Ұлттық кинематографияны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша
Қоюшы режиссер: Айжан Қасымбек
Сценарий авторлары: Айжан Қасымбек,
Әлібек Дүйсенбиев, Шыңғыс Ескендіров,
Мәлік Қасабеков
Қоюшы оператор: Айгүл Нұрболатова
Қоюшы суретші: Аяна Нұрдинова
Костюмдер суретшісі: Аружан Мұқашева
Композитор: Джонг Хо Чой
Дыбыс оператор: Илья Гариев
Продюсер: Диана Әшімова
В ролях: Төлепберген Байсақалов, Мәншүк Айтмұханбетова, Ерболат Тоғызақов, Адина Бажан, Бауыржан Үсенов