ВЕРА

Сенім

 

Фильм ата-анасынан ерте айырылған 19 жасар Вера туралы. Ол бірнеше жылдан бері «Біздің үй» қоғамдық ұйымында тұрады. Вера – осында тұратын жеті жетім қыздың бірі. Ұйым оларды күтіп ұстауға қамқорлық жасайды, бірақ үйдің өз ережелері бар. Қыздардың әрбір қадамын басшылық бақылап жүреді. Вераның ең үлкен арманы – осы тордан шығып, аз да болса бостандық сезімін сезіну. Ал арман үшін күресу керек.

Армения 2021
Деректі фильм
Сценарий авторы, режиссер, оператор: Ани Григорян
Продюсер: Артур Саакян
Рольде: Вера Казарян