Мир Жумагуль

Жұмагүлдің әлемі

Жұмагүл Қантайқызы мен Қасен Өмірбекұлы 2012 жылы Шыңжаңнан Қазақстанға көшіп келген. Ұзақ жылдар бойы отбасындағы екі адам азаматтық ала алмаған. Мал бағып, жалданып тапқан бар қаражатын құжаттарын рәсімдеуге рәсуа еткен олар елсіз мекенде көшпенді өмір сүріп, төрт мезгіл қоныс аударады. Жұмагүл – ақын. Оның арманы да қарапайым. Бірі азаматтық алу, екіншісі Шыңжаңдағы жақын туыстарымен телефон арқылы байланысу. Таза болмысты кішкентай адамдардың боямасыз тұнық өмірі қазір ұмыт болған қазақ дүниетанымның терең тұңғиығына батырады.

Қазақстан 2021
Деректі
Режиссер: Тілек Ырысбек
Оператор: Алмас Максут
Кейіпкерлер: Жұмагүл Қантайқызы, Қасен Өмірбекұлы