Халықаралық қазылар алқасы

ЮРИЙ БЫКОВ

Қазылар алқасының төрағасы
ЮРИЙ БЫКОВ – ресейлік актер, режиссер, сценариші, продюсер («Майор», «Дурак», «Метод», «Завод» т.б.). Канн және Шанхай фестивальдерінің қатысушысы, Локарно фестивалінің жүлдегері, Кинотавр, Мәскеу халықаралық кинофестивалінің қатысушысы және жүлдегері, Ника және ТЭФИ жүлделерінің иегері.

АНДРЕА МОРГЕН

АНДРЕА МОРГЕН – Италиялық продюсер әрі режиссер. 2013 жылы Aurora Vision киноөндірістік компаниясының негізін қалады. Кейінгі 8 жылда түсірген 40-тан астам деректі фильмі дүние жүзіндегі 300-ден астам кинофестивальда марапатқа ие болған. Ол Израиль, Косово, Марокко, Уганда, Жапония, Филиппин, Эфиопия, Шри-Ланка, Албания, Танзания, Гана, АҚШ, Мексика, Мозамбико елдерінде халықаралық командамен жұмыс істеді. Ол сондай-ақ әлеуметтік мәселелеріне арналған 6 деректі фильмнің сценарийін жазды әрі түсірді. Ол үнемі Италияда және шетелде білім беру жобаларына ерекше назар аудара отырып, жастар саясатына қатысты бағдарламаларымен айналысып келді. Қазіргі уақытта ол - Religion Today кинофестивалінің көркемдік жетекшісі, Тренто (Италия) Ол сондай-ақ Римдегі (Италия) Салесиан Папа университетінің коммуникация ғылымдары PhD докторы.

Абдрашов

РҮСТЕМ ӘБДІРАШЕВ

Қазақстандық режиссер, сценарийші, продюсер. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» Орденінің кавалері. 2015 жылы Кореяда өткен халықаралық Пуссан кинофестивалінің қорытындысы бойынша Азиядағы ең үздік 100 режиссердің тізіміне енген. Еуропа және Азия киносыншыларының «FIPRESCI»и «NETPAC» сыйлықтарының иегері.

Эмра Килич

ЭМРАХ КИЛИЧ

Стамбулдағы Bosphorus Film Festival және Bosphorus Film Lab кино зертханасының көркемдік жетекшісі. Ол ай сайын шығатын Rabarba киножурналының негізін қалаушы және әкімшілік үйлестірушісі болды. 2017 жылдан бері түрік киносының шетелде насихатталуына жетекшілік етіп келеді. Осы мақсатта ол Берлин және Канн кинофестивалінде түрік киносы бағдарламаларын, кино апталықтарын және стендтерді ұйымдастырды. Ол әйгілі жазушы және сценарий теоретикі Роберт Маккидің «Әңгіме және диалог» атты кітаптарын түрік тілінде баспаға дайындады.

ВЕНЕРА НЫҒМАТУЛИНА

Қазақ актрисасы, продюсер. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. «Құрмет» орденімен (2008), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен (2001) марапатталған. 1987 жылдан КСРО және Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі. «Кинематография» мамандығы бойынша философия докторы (2007).